
zhorga.kz









Шошқамұрын тасбақасы
Шошқамұрын тасбақасын үй жағдайында асырау

Вконтакте желісіндегі адресіміз:
Pig nose turtles
Бұл ұжымда барлығы орысша
Атауы(рус):свинорылая черепаха
Атауы(қаз):Шошқамұрын тасбақасы
Атауы(eng):Pig-Nose
Жануардың түрі:жорғалаушы,тасбақа
тұқымы:шошқамұрын
Сипаттама:Тасының ұзындығы 50 см,салмағы 15-20 кг.Тасы жұмсақ,сұр түс терімен қапталған.Қол алақандары жапырақ тәрізді,екі саусағы бар.Тасының астыңғы бөлігі мен мойыны ақшыл,кейде сары болып келеді.Еркегі ұрғашысына қарағанда денесі кіші,құйрығы жуан әрі ұзын.Тасбақаның негізгі жаулары акулалар мен қолтырауындар,адамдар.
Мекені:Жаңа Гвинеядағы үлкен өзен,көлдерде,2-5 метр терең суларда тіршілік етеді.
қорегі:Бұл тасбақаның рационында 70% тірі,30% өсімді тағам болуы тиіс.Тірі тағамдардан балық,су жәндіктерімен қоректенеді.Бірақ қазіргі кезде зоодүкендерде тасбақаларға арнап арнайы жасанды тамақтарды сатып алуға болады.Өсімді тағамдардан тасбақаға алма,банан,салат жапырағын беруге болады.Тасбақаның ауырғанын қаламасаңыз зоодүкендерде витамин,минералдар алуға болады.
Көбейуі:Тасбақаларда жыныстық мүше еркекте 10 жылда,ұрғашыда 14-16 жылда дамиды.Ұрықтанған соң ұрғашы жұмыртқаларды 2 ай құрсағында алып жүреді.Ұрғашы тасбақа жұмыртқа салу үшін топырағы жұмсақ,тіпті балшыққа да сала береді.Бір ұрғашы 1 салғанда 7-70 жұмыртқа салады екен.Жұмыртқаны Құрғақ мезгілде(Қыркүйек,Желтоқсан) салады.Инкубация 64-74 күнге созылып,30-32 градуста тұрады.Жұмыртқа дөңгелек,қатты қабықшадан тұрады.
Аквариум:Тасбақаны асырау үшін үлкен (3х1,5х0,8 м) аквариум керек.Аквариумды тазартып тұратын фильтр мен ультракүлгін сәулесі қажет.Суды 27-32градусқа дейін жылытып тұратын обогреватель қажет.Егер теипература күрт төмендеп кетсе тасбақаның тәбеті кетіп тамақ ішпеуі мүмкін.Тасбақа өте ашуланшақ болып келеді,сондықтан оны басқа жануармен ұстау қиындық туғызады,тасбақаны балықтармен ұстауға болады,бірақ балықтың көлемі тасбақадан кіші немесе үлкен болмауы керек.Кіші болса тасбақа жеп қоюы мүмкін,ал үлкен болса керісінше балық тасбақаны жарақаттап тастауы мүмкін.Аквариумның ішіне декорациялар үшкір болмауы тиіс,егер үшкір болса тасбақаның денесі жарақаттануы мүмкін.Тасбақаға құрлық жасаудың қажеті жоқ,тасбақа тек жұмыртқа салу үшін құммен инкубатор болу қажет.